ДЗЮДО

Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі Grand Slam турнирінен жүлдесіз оралды

Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен дзюдодан Grand Slam санатындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде медаль еншілей алмады.

Ұлттық команда сапынан финалдық кезеңге ең жақын нәтиже көрсеткен спортшы – Ерасыл Қажыбаев болды. Ол +100 кг салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алған еді.

Алайда шешуші белдесуде әзірбайжандық Джамал Гамзатхановқа есе жіберіп, жүлдегерлер қатарына кіре алмады.

Айта кетейік, қазақстандық дзюдошылардың келесі жарысы 6–8 наурыз аралығында Австрияда өтетін Гран-при турнирі болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button