ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Президент Кристина Шумекованы абсолютті әлем чемпионы атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден өткен әлем біріншілігінде айрықша нәтиже көрсеткен Кристина Шумековаға құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент спортшының үш алтын медальді жеңіп алып, абсолютті әлем чемпионы атануын отандық спорт жылнамасындағы айтулы белес деп бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл биіктің артында Кристинаның зор таланты мен қажырлы еңбегі, темірдей тәртібі мен жеңіске деген шынайы ұмтылысы жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы жас чемпионның алдағы халықаралық жарыстарда да еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектестік білдірді.



