ҚЫСҚЫ СПОРТ

Милан–Кортина–2026: Қазақстанның Паралимпиадалық құрамы мен үміттері

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. 6-16 наурыз аралығында өтетін бұл дода биыл Паралимпиада қозғалысының 50 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

Биыл ел намысын 7 спортшы пара шаңғы және пара биатлон түрлерінен қорғайды: Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Нұрлан Әлімов, Юрий Березин, Владислав Кобаль және Анна Грачева.

Құрама сапында тәжірибе мен жастық жалын ұштасқан:

  • Ең жас қатысушы: 17 жастағы Владислав Кобаль.

  • Ең тәжірибелі мүшесі: 51 жастағы Сергей Усольцев.

Команда тізгінін Бейжің-2022 қола жүлдегері Александр Герлиц пен тарихи «Хрусталь глобус» иегері, әлем чемпионы Ербол Хамитов бастаған саңлақтар ұстайды. 600-ден астам атлет қатысатын додада барлығы 79 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button