
Қазақстан спорт тарихында айтулы оқиға орын алмақ: еліміз алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогының кезеңін қабылдайды. Беделді халықаралық дода 26-29 наурыз аралығында елордадағы «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика спорт кешенінде ұйымдастырылады.
Жарыс ауқымы өте кең — әлемнің 96 елінен 600-ден астам үздік спортшы қатысады деп күтілуде. Бағдарлама бойынша ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сындар өтеді. Бұл турнир еліміздегі семсерлесу мектебінің халықаралық деңгейде мойындалғанын айғақтайды.



