
1 наурызда Болгарияда өтіп жатқан халықаралық турнирде жеңімпаздар толық анықталады. Жекпе-жектер бір рингте және бір сессия аясында өтеді. Кездесулердің тікелей трансляциясы мен нәтижелері «Спорт министрі» Telegram арнасында жарияланады.
Күндізгі сессия 17:00-де басталады. Қазақстан құрамасының өкілдері төмендегі қарсыластарымен шаршы алаңға шығады:
54 кг — Элина Базарова (Қазақстан) vs Лорен Макки
65 кг — Лаура Есенкелді (Қазақстан) vs Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
80 кг — Надежда Рябец (Қазақстан) vs Ярен Дузтас (Түркия)
+80 кг — Валерия Аксенова (Қазақстан) vs Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
50 кг — Даниял Сәбит (Қазақстан) vs Билалхабаши Назаров (Әзербайжан)
70 кг — Фарух Тоқтасынов (Қазақстан) vs Лавант Броунли (АҚШ)
Ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік!



