
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар финалға жолдама алды. Жартылай финал қорытындысы бойынша Элина Базарова (54 кг), Лаура Есенкелді (65 кг) және Валерия Аксенова (+80 кг) шешуші кезеңге шықты. Ал Надежда Рябец (80 кг) жарысты бірден финалдан бастайды.
Ерлер арасында Даниял Сәбит (50 кг) пен Фарух Тоқтасынов (70 кг) қарсыластары — өзбекстандық боксшылар жекпе-жекке шықпағандықтан келесі кезеңге автоматты түрде өтті.
Финалдық кездесулер ертең өтеді.



