КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық балуандар Албанияда екі алтын, екі қола медаль еншіледі

Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан күрестен рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы кезекті жүлделерге қол жеткізді.

Ел қоржынына алғашқы алтын медальдерді Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова салды. Зейнеп Баянова 50 келіге дейінгі салмақта барлық қарсыласын жеңіп, финалда Үндістан өкілі Приянши Пражапатты ұтты. Ал 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Лаура Алмағанбетова шешуші белдесуде Украина спортшысы Лилия Маланчукты жеңіп, чемпион атанды.

Сонымен қатар еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) пен Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Осылайша қазақстандық балуандар халықаралық додада екі алтын және екі қола медаль жеңіп, табысты өнер көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button