ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Кристина Шумекова әлем чемпионы: қазақстандық спортшы рекорд жаңартты

Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова топ жарды.

Отандасымыз 500 метр қашықтықта 38.48 секунд нәтижемен мәреге жетіп, алтын медаль жеңіп алды әрі жеке рекордын жаңартты.

Күміс жүлде канадалық Джулия Снелгровқа (38.78) бұйырса, польшалық Виктория Дабровска (38.96) қола медаль иеленді.

Бұл бағдарламада басқа қазақстандықтар да бақ сынады: Анастасия Беловодова 12-орын, Варвара Глухова 13-орын алды. Алина Шумекова 30-орынға тұрақтаса, Айзада Рымбек 54-нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Қазақстан бұл қашықтықта бұған дейін де әлем чемпионы атанған. 2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Екатерина Айдова ел қоржынына алтын медаль салған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button