
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Республикасы Olimpbet-Суперкубогы кездесуіне қызмет ететін төрешілер құрамын жариялады.
Маусымашар ойында 28 ақпанда алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» кездеседі.
Матчтың бас төрешісі болып Орал қаласының өкілі Денис Тевяшов бекітілді. Оған қапталда Сергей Калачев пен Денис Лабашов (Атырау) көмектеседі.
Бейнеқайта қарау жүйесінде (VAR) Айдын Тасыбаев (Астана) жұмыс істейді, ал оның ассистенті (AVAR) — Сәкен Байымбет (Тараз). Қосалқы төреші міндеті Көкшетаудан Данил Гордаға жүктелді.
Осылайша жаңа маусымды ашатын Суперкубок бәсекесінің төрешілер бригадасы толық анықталды.



