БОКСТРЕНДТЕ

«Странджа» турнирі: төртінші жарыс күні 19 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан халықаралық «Странджа» турнирінде бүгін төртінші жарыс күні өтеді. Бұл күні Қазақстан құрамасынан 19 боксшы жекпе-жекке шығады.

Олардың 15-і әйелдер арасында ширек финалда бақ сынаса, 65 және 70 келі салмақтағы ерлер құрамасының өкілдері 1/8 финалда мықты қарсыластарымен кездеседі.

Күндізгі сессия (17:00)

А рингі

  • 48 кг: Айгерім Сәттібаева — Ханна Охота (Украина)
  • 48 кг: Анель Құдайберген — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
  • 65 кг: Илья Калинин — Юри Фалькао Рейс (Бразилия)
  • 65 кг: Маркус Лузер (АҚШ) — Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан)

В рингі

  • 54 кг: Анель Сақыш — Ана Ливия Висенте Линхарес (Бразилия)
  • 54 кг: Элина Базарова — Айшен Ташкын (Түркия)
  • 70 кг: Фарух Тоқтасынов — Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түрікменстан)
  • 70 кг: Мұхаммедсабыр — Джон Макконелл (Ирландия)

А рингі

  • 54 кг: Жайна Шекербекова — Йоселин Перез (АҚШ)

Кешкі сессия (21:00)

А рингі

  • 57 кг: Алиса Мендоза (АҚШ) — Ұлжан Сәрсенбек
  • 60 кг: Римма Волосенко — Йомна Айад (Египет)
  • 70 кг: Бақыт Сейдіш — Вивиана Дос Сантос Перейра (Бразилия)
  • 75 кг: Валентина Хальзова — Амалия Нита (Румыния)
  • +80 кг: Валерия Аксенова — Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан)
  • +80 кг: Дина Исламбекова — Хавванур Кезуда (Түркия)

В рингі

  • 60 кг: Виктория Графеева — Ребека де Лима Сантос (Бразилия)
  • 65 кг: Лаура Есенкелді — Андра Кринута Себе (Румыния)
  • 70 кг: Мадина Нұршаева — Шантель Рид (Ұлыбритания)
  • 75 кг: Мария Сидоренко — Наоми Грэм (АҚШ)

Осылайша бүгінгі жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін ең жауапты кезеңдердің бірі болмақ — бірқатар боксшылар турнирдің жүлделі орындарына жақындай түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button