ТАЕКВОНДО

Қазақстан таеквондошылары маусымды Болгариядағы ірі турнирден бастайды

Қазақстан құрамасы таеквондодан Болгарияның София қаласында өтетін Bulgaria Open-2026 халықаралық турниріне қатысады.

Байрақты бәсекеге 30-дан астам мемлекеттен 1269 спортшы жиналмақ. Аталған додада ұлттық құраманың негізгі, бірінші нөмірлі таеквондошылары өнер көрсетеді.

Жарыс үш жас санаты бойынша өтеді: жасөспірімдер, жастар және ересектер. Бұл турнир қазақстандық спортшылар үшін 2026 жылғы алғашқы ресми жарыс саналады.

Айта кетейік, Bulgaria Open-2026 27–28 ақпан күндері ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button