БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы қылыштасудан Падуяда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады

Қазақстан ерлер құрамасы қылыштасудан Италияның Падуя қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды.

Байрақты додада ел намысын бес спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың сапына Артем Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Бексұлтан Әбжал, Жанат Нәбиев және Назарбай Саттархан енді.

Халықаралық жарыс 6-7 наурыз күндері өтеді. Турнирде әлемнің жетекші қылыштасушылары рейтингілік ұпайлар үшін таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button