
Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасына шақырту алған ойыншылардың тізімі белгілі болды. Команда 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчтарына дайындықты бастайды.
Ұлттық құрамаға Армения және Беларусь командалары қарсылас атанды. Кездесулер наурыз, сәуір және маусым айларына жоспарланған.
Команданы жаңа бас бапкер Бегайым Қырғызбаева жаттықтырады. Ол алғашқы оқу-жаттығу жиынына 27 футболшыны шақырды.
Қақпашылар:
Ангелина Портнова («Астерас Триполис», Грекия), Назым Исмайлова («БИІК-Шымкент»), Виктория Зейнали («Елімай»).
Қорғаушылар:
Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Қазына Нұрбаева («Гурник Ленчна», Польша), Томирис Рахатжан («Қайрат»), Александра Набокова («Шахтер»), Кристина Шустова («Елімай»), Аделия Бекқожина («Жеңіс»), Анель Бланк («Қызыл-Жар»), Анеля Сұңқарова («Астана»), Анеля Берікова («Будучность», Черногория).
Жартылай қорғаушылар:
Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева (екеуі де – «Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Адина Бейбут («Астана»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей).
Шабуылшылар:
Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі – «Ақтөбе»), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»), Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Елімай»), Амина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия).
Қазақстан құрамасы алғашқы матчтарын «Астана Арена» стадионында өткізеді:
3 наурыз, 20:00 — Қазақстан – Армения
7 наурыз, 14:00 — Қазақстан – Беларусь
Бапкерлер штабы:
Бас бапкер – Бегайым Қырғызбаева, көмекшісі – Юлия Ширяева, дене даярлығы жаттықтырушысы – Жеңіс Арыстан, қақпашылар бапкері – Дмитрий Колбунцов, сарапшы бапкер – Расул Маруа, бейнеоператор – Мақсат Әмірбай, дәрігер – Азамат Оспанов, массажистер – Максим Дудукин мен Гүлнара Закирова, әкімші – Жанболат Тыныбек, менеджер – Серік Жугралин.



