КҮРЕСТРЕНДТЕ

Болат Сақаев Албаниядағы рейтингтік турнирде қола жүлдегер атанды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Болат Сақаев Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан халықаралық рейтингтік турнирде қола медаль жеңіп алды.

86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан жарыс барысында жартылай финалға дейін жетті. Алайда бұл кезеңде ол Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Сақаев түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовты жеңіп, турнирдің қола жүлдесіне ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button