ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Ташкент Grand Slam: Қазақстан атынан 14 дзюдошы татамиге шығады

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады. Байрақты додада Қазақстан намысын 14 балуан қорғайды.

Ұлттық құраманың құрамы:

Ерлер:

  • 60 кг: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
  • 66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
  • 73 кг: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
  • 81 кг: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді
  • 90 кг: Барақ Арқабай
  • 100 кг: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдеев
  • +100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев

Әйелдер:

  • +78 кг: Назгүл Маратова

Айта кетейік, турнир 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Құрама сапына кейін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button