ТЕННИСТРЕНДТЕ

Анна Данилина рейтингте көтерілді, Рыбакина мен Бублик үздік ондықта

Қазақстан әйелдер құрамасының жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина WTA жаңартылған әлемдік рейтингінде өз позициясын жақсартты.

Жаңа тізім бойынша қазақстандық теннисші бір саты жоғарылап, алтыншы орынға көтерілді. Бұл — оның кәсіби мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.

Жекелей сында Елена Рыбакина да тұрақты нәтиже көрсетіп, әлемдік рейтингтегі үшінші орнын сақтап қалды.

Ал ерлер арасында Александр Бублик ATP рейтингінде оныншы орынға жайғасты. Осылайша, қазақстандық теннисшілер халықаралық аренада жоғары деңгейдегі ойындарын жалғастырып, үздіктер қатарында қалып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button