
Бүгін, 23 ақпанда Болгария астанасы Софияда 77-ші халықаралық «Странджа» турнирі басталады. Алғашқы жарыс күні Қазақстан құрамасынан 10 боксшы шаршы алаңға көтеріледі.
Күндізгі сессия (17:00)
50 келі, А рингі
Асылбек Жалилов (Өзбекстан, 2024 жылғы Азия чемпионы) – Бекзат Алдамжаров (Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері)
70 келі, В рингі
Арсен Чабиан (Австрия) – Фарух Тоқтасынов
55 келі, А рингі
Ниджат Гусейнов (Әзербайжан, Париж Олимпиадасының қатысушысы, U22 санатында екі дүркін Еуропа чемпионы) – Бағлан Кенжебек
55 келі, А рингі
Тимур Қабдешов – Пэтси Джойс (Ирландия, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері)
55 келі, В рингі
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Абдулазиз Журакулов (Өзбекстан, 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы)
90 келі, В рингі
Нурмагамед Юсупов – Коннор Уильямс
Кешкі сессия (21:00)
60 келі, А рингі
Руслан Күзеубаев – Салим Еллис Бей (АҚШ чемпионы, 20 жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясымен келе жатыр)
60 келі, А рингі
Лундаа Гантумур (Моңғолия, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері) – Жексен Бейбарыс
80 келі, В рингі
Диас Молжігітов – Робби Гонзалес (АҚШ, 2021 жылғы әлем чемпионы)
80 келі, В рингі
Кауэ дос Сантос Белини (Бразилия) – Санжарали Бегалиев
Алғашқы күннің өзінде қазақстандық боксшыларды Азия чемпиондары, әлем чемпиондары және Олимпиада қатысушылары күтіп тұр. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз.



