
Индонезияның Джакарта қаласында семсерлесуден кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық спортшылар турнирде екі қола медальмен өз үлестерін қосты.
Жеке бәсекеде қылыштасу бойынша Айбар Қайым үшінші орынға ие болды. Қыздар арасындағы командалық жарыста да ұлттық құрама табысты өнер көрсетіп, қола жүлде иеленді. Қазақстан құрамасы атынан Дарья Самоделкина, Сабина Серикова, Полина Лесовская және Арина Наместникова сайысқа түсті.



