БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық гимнасттар Бакудегі Әлем кубогында үздік ондыққа енді

Бакуде өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының бірінші кезеңі өтті. Қазақстан ерлер құрамасы екі бағытта да финалға шығуға қол жеткізді.
Жеке бәсекеде Роман Барков шешуші кезеңде өнер көрсетіп, сегізінші орынды иеленді. Синхронды секіруде Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов бесінші нәтижемен аяқтады.



