ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Олимпиада-2026: Елизавета Голубева масс-старт финалында 16-орынмен аяқтады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Елизавета Голубева әйелдер арасындағы масс-старт бәсекесінде өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшы финалдық кезеңге дейін жетіп, шешуші жарыста 16-орында мәреге келді. Осылайша ол Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады.
Бұл бағдарламада алтын медальді Нидерланд спортшысы Марейке Груневауд иеленді. Күміс жүлде канадалық Иванье Блонденге бұйырса, АҚШ өкілі Миа Манганьелло қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Италиядағы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден өткен соңғы жарыс осы масс-старт болды. Бұған дейін Елизавета Голубева 1500 метр қашықтықта жетінші орын алған еді.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.



