
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды.
Отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында сенімді өнер көрсетіп, 14,933 ұпай жинады. Осы нәтиже оған қола медаль алып келді.
Алтын жүлдені 15,000 ұпаймен италиялық Габриэле Таргетта иеленсе, күміс медаль армениялық Мамикон Хачатрянға (14,966 ұпай) бұйырды.
Тағы бір қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов финалда 14,833 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.



