
Қазақстандық 18 жастағы теннисші Әмір Омарханов Монастирде (Тунис) өткен ITF M15 санатындағы турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды.
Омарханов италиялық Маттео Сибашимен бірге финалда жарыстың төртінші нөмірлі жұбы — франциялық Александр Обриот пен Сезар Бушелагемге қарсы ойнады. Қазақстандық-италиялық дуэт бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсіп, екінші сетте де артықшылығын сақтап, 6:3 нәтижесімен матчты өз пайдасына шешті.
Осылайша Әмір Омарханов пен Маттео Сибаши турнир бойы фавориттерді жеңіп, чемпиондық атақты иеленді.



