
23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгария астанасы София қаласында өтетін дәстүрлі «Странджа» халықаралық турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасының 39 спортшысы шаршы алаңға шығады.
Аталған додада ерлер құрамасынан 19, әйелдер құрамасынан 20 боксшы ел намысын қорғайды.
Ерлер құрамасы
50 келі: Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров
55 келі: Тимур Қабдешов, Бағлан Кенжебек
60 келі: Бейбарыс Жексен, Руслан Күзеубаев
65 келі: Ертуған Зейнуллинов, Әбдікәрім Әбдіғалым, Илья Калинин
70 келі: Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
80 келі: Санжарәлі Бегалиев, Диас Молжігітов
85 келі: Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, Дәулет Төлемісов
90 келі: Нурмагамед Юсупов
+90 келі: Нұрлан Сапарбай, Даниал Сапарбай
Әйелдер құрамасы
48 келі: Айгерім Сәттібаева, Анель Құдайберген
51 келі: Жазира Орақбаева, Анита Адишева
54 келі: Элина Базарова, Жайна Шекербекова, Анель Сақыш
57 келі: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова
60 келі: Виктория Графеева, Римма Волосенко
65 келі: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева
70 келі: Бақыт Сейдіш, Мадина Нұршаева
75 келі: Валентина Хальзова, Мария Сидоренко
80 келі: Надежда Рябец
+80 келі: Дина Исламбекова, Валерия Аксенова
Айта кетейік, «Странджа» турнирі — халықаралық әуесқой бокстағы ең беделді жарыстардың бірі саналады. Көптеген құрамалар бұл бәсекені әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына дайындық кезеңі ретінде пайдаланады.



