ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина жеке рекордын жаңартып, үздік ондыққа енді

Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті.

Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина еркін бағдарламада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 138.99 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша отандасымыз 207.46 ұпай еншілеп, 10-орынға тұрақтады. Бұл — спортшының мансабындағы ең үздік нәтижесі.

Софья бұған дейінгі жеке рекордын 2021 жылы тіркеген еді (205.67 ұпай). Осылайша ол Олимпиадада да жеке көрсеткішін жақсартып, халықаралық аренадағы ең сәтті жарыстарының бірін өткізді.

Жарыс қорытындысы:
1-орын — Алиса Лю (АҚШ) — 226.79 ұпай
2-орын — Каори Сакамото (Жапония) — 224.90 ұпай
3-орын — Ами Накаи (Жапония) — 219.16 ұпай
10-орын — Софья Самоделкина — 207.46 ұпай

Айта кетейік, қысқы Олимпиада тарихында Қазақстаннан мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында бұған дейін 2018 жылғы ойындарда Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен. Сол кезде Элизабет Тұрсынбаева 12-орын алған болатын.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button