ҚЫСҚЫ СПОРТ
Фристайл-акробатика: қазақстандықтар Олимпиада финалына өте алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы іріктеу кезеңінде өнер көрсетті.
Ел намысын Роман Иванов, Асылхан Асан, Дінмұхаммед Райымқұлов және Шерзод Хаширбаев қорғады.
Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Роман Иванов ең жоғары талпынысында 105.75 ұпай жинап, жалпы есепте 13-орынға тұрақтады. Шерзод Хаширбаев 98.67 ұпаймен 16-орынды иеленді. Асылхан Асан 93.21 ұпаймен 18-орында қалса, Дінмұхаммед Райымқұлов 90.50 ұпаймен 19-орыннан көрінді.
Осылайша қазақстандық спортшылар финалға жолдама ала алмады. Іріктеу нәтижесі бойынша шешуші кезеңге тек үздік 12 спортшы өтті.
Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі



