ТЕННИСТРЕНДТЕ

Анна Данилина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 7-орында тұрған Анна Данилина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Жарыстың 4-ракеткасы ретінде тіркелген Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге ширек финалда украиналық Людмила Киченок пен америкалық Дезире Кравчикке қарсы ойнады.

Алғашқы партияда қазақстандық-сербиялық жұп айқын басымдық танытып, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте қарсыластары таразы басын теңестірді – 6:4. Дегенмен шешуші супер тай-брейкте Данилина мен Крунич төртінші матчболды сәтті пайдаланып, 10:6 есебімен жеңісті жұлып алды.

1 сағат 28 минутқа созылған кездесуде Данилина – Крунич дуэті эйс жасамағанымен, 13 брейк-пойнттың алтауын тиімді пайдаланды. Ал Киченок – Кравчик жұбы 2 эйс орындап, 5 брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.

Анна Данилина мен Александра Круничтің жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button