ҚЫСҚЫ СПОРТ

Олимпиада-2026: Қазақстан шаңғышылары командалық спринтте финалға шыға алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы шаңғы жарысынан командалық спринттің іріктеу кезеңі өтті.

Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында Надежда Степашкина мен Дарья Ряжко сынға түсті.

Финалға жолдама алу үшін үздік 15 команданың қатарына ену қажет болатын. Алайда қазақстандық жұп бұл межені бағындыра алмады. Степашкина мен Ряжко 7:14.61 уақыт нәтижесін көрсетіп, 17-орынға тұрақтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың финалдық кезеңіне өте алмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button