ҚЫСҚЫ СПОРТ
Олимпиада-2026: Қазақстан ерлер құрамасы командалық спринтте соңғы орын алды

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы командалық спринттің іріктеу кезеңі өтті.
Қазақстан құрамасы сапында Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков өнер көрсетті.
Отандастарымыз іріктеу сайысында 6:35.34 уақыт нәтижесін тіркеп, 27-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш финалға шығуға жеткіліксіз болды.



