ҚЫСҚЫ СПОРТ

Олимпиада-2026: Александра Скороходова жарысты аяқтай алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан әйелдер арасындағы слалом бәсекесінің алғашқы кезеңі өтті.

Бұл сайыста Қазақстан құрамасынан жалғыз спортшы Александра Скороходова сынға түсті. Алайда отандасымыз жарыс жолын толық аяқтай алмай, екінші кезеңге өте алмады.

Айта кетейік, слалом жарысында жеңімпаз екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік уақыт көрсеткен спортшы болып анықталады.

Осылайша Александра Скороходова 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы жарыстарын аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button