ҚЫСҚЫ СПОРТ
Олимпиада-2026: Аяна Жолдас іріктеуден аса алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы жарысты бастады.
Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Аяна Жолдас жекелей сайыстың іріктеу кезеңінде өнер көрсетті.
Отандасымыз бірінші іріктеуде 61.11 ұпай, екінші іріктеуде 57.10 ұпай жинап, екі кезеңде де 17-орынға тұрақтады. Жалпы есепте 21-сатыдан көрінді.
Еске салайық, финалдық кезеңге әр іріктеуде үздік алты спортшы ғана жолдама алды.



