ТЕННИСТРЕНДТЕ

Бейбіт Жұқаев Үндістандағы турнирде жарыстың бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші, әлемнің 292-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Отандасымыз алғашқы кезеңде әлемнің 134-ракеткасы әрі жарыстың бірінші нөмірлі теннисшісі, аустралиялық Дэйн Суинимен кездесті. Бұған дейін қарсыластар бір рет ойнап, сол матчта да қазақстандық спортшы жеңіске жеткен болатын.

Кездесудің алғашқы партиясы тай-брейкте Суинидің пайдасына шешілді – 7:6 (8:6). Алайда одан кейін Жұқаев ойынды өз қолына алып, камбэк жасады. Екінші және үшінші сеттерде ол айқын басымдық танытып, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат 17 минутқа созылған бәсекеде Бейбіт Жұқаев 15 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды. Қарсыласы 6 эйс орындағанымен, 9 мүмкіндіктің бірін де ұпайға айналдыра алмады.

Осылайша қазақстандық теннисші сенсациялық жеңіске қол жеткізіп, келесі айналымда ширек финалға шығу үшін әлемнің 275-ракеткасы, грекиялық Стефанос Сакелларидиспен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button