
Колумбияның Медельин қаласында өткен Әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, 6 медаль еншіледі.
Жалпыкомандалық есепте Ұлыбритания 3 алтынмен бірінші орын алса, Қазақстан 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті 2 алтын, 1 қола жүлдесі бар Канада түйіндеді.
Еркін бағдарламада Эдуард Ким чемпион атанды. Ал әйелдер арасындағы командалық еркін бағдарламада Ясмин Тұяқова, Даяна Жаманчалова, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Наргиза Болатова және Ясмина Исламова алтын жүлдеге қол жеткізді.
Күміс медальді акробатикалық команда (Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Ясмин Тұяқова, Ясмина Исламова) жеңіп алды.
Қола жүлделер:
— Виктор Друзин – техникалық соло;
— Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова – аралас техникалық дуэт;
— Наргиза Болатова пен Виктор Друзин – аралас еркін дуэт.
Осылайша қазақстандық спортшылар халықаралық маусымды табысты бастап, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.



