БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан жекпе-жек спортының негізін қалаушылардың бірі Сабыржан Махметов өмірден өтті

Қазақстан жекпе-жек спортының дамуына зор үлес қосқан танымал бапкер әрі спорт қайраткері Сабыржан Махметов 67 жасында өмірден өтті.

Ол ел жанкүйерлеріне Қазақстан кикбоксингі мен жекпе-жек спортының аңыз тұлғасы ретінде жақсы таныс болды. Мамандығының бүкіл ғұмырын осы бағытты дамытуға арнап, ұлттық деңгейдегі мектеп қалыптастыруға атсалысты. Сабыржан Махметов Қазақстандағы жекпе-жек федерациясының негізін қалап, ұзақ жылдар бойы оны басқарды.

Сабыржан Махметов — КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол КСРО әуе десант әскерінің үш дүркін абсолюттік чемпионы атанып, ережесіз жекпе-жектен бірнеше мәрте әлем чемпионы болды. Сонымен қатар кикбоксинг пен ушу-санда спорттарының елімізде қалыптасуына тікелей ықпал етті.

Сондай-ақ ол Дүниежүзілік «Жекпе-жек» қауымдастығының президенті қызметін атқарып, халықаралық деңгейде де қазақстандық спорттың дамуына еңбек сіңірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button