ТЕННИСТРЕНДТЕ

Анна Данилина WTA рейтингінде жеке рекордын жаңартты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA жұптық рейтингінде өзінің мансабындағы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Өткен аптада сербиялық Александра Круничпен бірге Дохадағы WTA 1000 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін Данилина 10-орыннан 7-сатыға көтерілді. Бұған дейін оның үздік нәтижесі 8-орын болатын. Крунич те рейтингіде 14-тен 12-орынға жоғарылады.

Бұл аптада қазақстандық-сербиялық жұп Дубайдағы WTA 1000 жарысында өнер көрсетеді. Қазіргі таңда рейтингте бельгиялық Элизе Мертенс көш бастап тұр. Одан кейін чехиялық Катержина Синякова орналасқан, ал америкалық Тэйлор Таунсенд үздік үштікті түйіндейді.

Басқа қазақстандықтардың нәтижелері:
Юлия Путинцева жұптық сында 106-дан 110-ға төмендеді;
Жібек Құламбаева 137-ден 136-ға көтерілді.

Жекелей рейтингте Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастап тұр. Екінші орында польшалық Ига Швёнтек, ал Қазақстан намысын қорғайтын Елена Рыбакина үшінші сатыда.

Сонымен қатар жекелей сында Юлия Путинцева 70-тен 78-орынға, Зарина Дияс 290-нан 293-орынға, Жібек Құламбаева 388-ден 390-орынға төмендеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button