ҚЫСҚЫ СПОРТ
Олимпиада-2026: Владислав Киреев із кесу жарысында 42-орын алды

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында ерлер арасындағы із кесу жарысы мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасының атынан Владислав Киреев сынға түсті. Спринт қорытындысы бойынша ол жарыс жолына 51-нөмірмен, көшбасшыдан 2 минут 49 секунд кешігіп шыққан еді.
Төрт ату айлағы бар сайыста қазақстандық спортшы төрт рет нысанадан мүлт кетіп, көшбасшыдан төрт минуттан астам уақыт қалып қойды. Нәтижесінде Киреев 42-орынмен жарысты аяқтады.
Алтын медальды швециялық Мартин Пансилуома жеңіп алды. Күміс жүлде норвегиялық Стурла Холм Легрейдке бұйырса, франциялық Эмильен Жаклен қола медаль иеленді.



