ҚЫСҚЫ СПОРТ

Конькимен жүгіру: Евгений Кошкин Олимпиадада үздік ондыққа енді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта өнер көрсетіп, үздік ондыққа енді.

Қазақстандық спортшы 34.56 секунд уақыт нәтижесімен мәреге жетіп, қорытынды есепте 9-орынға тұрақтады.

Алтын медальды америкалық Джордан Штольц 33.77 секунд көрсеткішімен жеңіп алып, Олимпиада рекордын жаңартты. Күміс жүлде нидерландтық Йеннинг де Бооге (33.88) бұйырса, қола медальды канадалық Лоран Дюбрей (34.26) иеленді.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button