
Словенияның Любляна қаласында өтіп жатқан дзюдодан Еуропа ашық кубогының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы екі медаль еншіледі.
Әйелдер арасында Эсмигүл Куюлова (63 кг) финалға дейін қарсыластарына мүмкіндік бермей, күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық дзюдошы бес белдесудің төртеуінде жеңіске жетті.
Ал ерлер арасында Әлжан Нұрәділ (60 кг) қола медаль иеленді. Ол жұбаныш финалында америкалық Кристофер Веласконы жеңіп шықты.
Айта кетейік, турнирге 44 елден 470-ке жуық спортшы қатысуда. Екінші жарыс күні бүгін, 15 ақпанда жалғасады.



