ҚЫСҚЫ СПОРТ

Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасы параллельді могулда жүлдеден тыс қалды

Ливиньода өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында әйелдер арасындағы параллельді могул жарысы аяқталды.
Қазақстан құрамасы сапынан Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова жарыс жолына шықты.
Алғашқы айналымда Аяулым Әмренова келесі кезеңге өте алмады. Юлия Галышева мен Анастасия Городко 29 ұпай жинап, келесі кезеңге жолдама алды.
Екінші айналымда Анастасия Городко 22 ұпай еншілеп, ширек финалға өтті. Ал Юлия Галышева қателікке жол беріп, жарысты ерте аяқтады.
Ширек финалда Анастасия Городко алғашқы секіруде сүрініп, жарыс жолынан шығып қалды. Осылайша қазақстандық могулшылар параллельді сайысты жүлдесіз аяқтады.
Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button