ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Мәнерлеп сырғанау: Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды.
Қысқа бағдарлама қорытындысында қазақстандық спортшы 92,94 ұпай жинап, бесінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада Шайдоров төрешілерден 198,64 ұпай алып, жалпы есепте 291,58 ұпайға қол жеткізді. Бағдарлама барысында ол бес бірдей төрттік секіруді сәтті орындап, жарыстың басты сенсациясына айналды.
Осы нәтижесінің арқасында Михаил Шайдоров алтын медаль иеленіп, Қазақстан құрамасына тарихи жеңіс сыйлады.
Күміс жүлдені жапониялық Юма Кагияма (280,06 ұпай) жеңіп алса, оның отандасы Шун Сато 274,90 ұпаймен қола медальға ие болды.
Осылайша Қазақстан қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін елімізге алғашқы Олимпиада алтынын 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов сыйлаған еді.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button