ҚЫСҚЫ СПОРТ

Конькимен жүгіру: Надежда Морозова Олимпиадада екінші мәрте үздік ондыққа енді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова 5000 метр қашықтықта өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы 7:04.81 уақыт нәтижесімен мәреге жетіп, жарысты 10-орында аяқтады. Осылайша Морозова бұл Олимпиадада екінші рет үздік ондықтың қатарына енді. Бұған дейін ол 3000 метрде алтыншы, ал 1000 метрде 14-орын алған болатын.

Алтын медальды Италия өкілі Франческа Лолобриджида 6:46.17 нәтижесімен жеңіп алды. Ол осы Олимпиадада екінші мәрте чемпион атанды — бұған дейін 3000 метрде де топ жарған еді. Күміс жүлде нидерландтық Мерел Конейнге (6:46.27) бұйырса, қола медальды норвегиялық Рагне Виклунд (6:46.34) иеленді.

Айта кетейік, Надежда Морозова алдағы уақытта 1500 метр қашықтықта да сынға түседі.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button