
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Румынияның Петролул клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы румыниялық ұжымның баспасөз қызметі хабарлады.
«Петролул» 1924 жылы құрылған. Клуб өз елінде төрт рет чемпион атанған (1930, 1958, 1959, 1966), сондай-ақ үш мәрте күміс және төрт мәрте қола жүлдеге ие болған. Қазіргі құрамда негізінен румыниялық футболшылар өнер көрсетеді.
Абат Айымбетов 1995 жылы 7 тамызда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2012 жылы «Ақтөбе» клубында бастап, кейін «Қайрат» және «Астана» командаларында доп тепті.
2024–2025 жылғы маусымда ол Түркияның Адана Демирспор сапында Суперлигада өнер көрсетті.
Жаңа келісімшарт футболшы үшін Еуропадағы мансабын жалғастыруға мүмкіндік береді.
13.02.2026



