
Қазақстан Күрес федерациясының баспасөз қызметі әйелдер ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл қызметке Нұрсұлтан Теміров тағайындалды.
Нұрсұлтан Теміров жаттықтырушылық мансабын 2014 жылы бастаған. Әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасында, сондай-ақ ұлттық құрамада аға жаттықтырушы қызметін атқарған. Соңғы үш жылда әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болып еңбек етті.
Ол әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенова және өзге де белгілі балуандарды дайындаған.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сағадиев атқарған.



