БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Нысана көздеу: Ислам Сәтпаев Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Қазақстандық мерген пневматикалық винтовкамен 50 метр қашықтықтан жатып ату бағдарламасында үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді.

Осы бағдарламада тағы бір қазақстандық спортшы Никита Шахторин күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар жарыстың кезекті күнінде Никита Чирюкин де күміс медаль жеңіп алды. Ол тапаншамен 25 метр қашықтықтан жылдам ату сайысында екінші нәтиже көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button