ҚЫСҚЫ СПОРТ

Фристайл-могул: Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада финалында жарысты аяқтады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында фристайл-могулдан Қазақстан әйелдер құрамасы финалдық кезеңде өнер көрсетіп, жарысты аяқтады.
11 ақпанда Аяулым Әмренова, Юлия Галышева және Анастасия Городко екінші іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алған болатын.
Алғашқы финалдық сырғанауда Юлия Галышева 14-орынға, Анастасия Городко 15-орынға, ал Аяулым Әмренова 18-орынға тұрақтады.
Алайда бұл нәтижелер сегіз үздік могулшы ғана жолдама алатын негізгі финалға өтуге жеткіліксіз болды.
Айта кетейік, 14 ақпанда параллельді могул сайыстары өтеді.
Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button