ҚЫСҚЫ СПОРТ

Биатлон: қазақстандық спортшылар Олимпиадада жекелей сында 86 және 89-орын алды

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында биатлоннан әйелдер арасындағы жекелей жарыс аяқталды.
15 шақырым қашықтықтағы сайыста Қазақстан атынан Милана Генёва мен Айша Ракишева бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Айша Ракишева 86-орынға, ал Милана Генёва 89-орынға тұрақтады. Екі спортшы да төрт ату айлағында тоғыз рет нысанадан мүлт кетті.
Алтын медальды франциялық Жюлия Симон жеңіп алды. Күміс жүлде оның отандасы Лу Жанмонноге бұйырды. Қола медальді болгариялық Лора Христова иеленді.
Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button