ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасының жеребесінде бірінші себетке түсті

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы маусымының жеребесінде С лигасының бірінші себетіне енді.

Жеребе тарту рәсімі 2026 жылы 12 ақпанда Брюссель қаласында өтеді. Басталу уақыты — Қазақстан уақытымен 22:00.

Жаңа маусымда 54 ұлттық құрама төрт лигаға бөлінеді. Қазақстан С лигасының бірінші себетінде Исландия, Албания және Черногория құрамаларымен бірге орналасқан.

Турнир форматы

Ережеге сәйкес, С лигасында төрт құрамадан тұратын төрт топ құрылады. Әр команда топтық кезеңде алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда. Топтық кезең ойындары 2026 жылдың қыркүйек айында басталады.

Матчтар алты турға бөлінген. Халықаралық терезелер қыркүйек, қазан және қараша айларында өтеді.

Топ жеңімпаздары жоғары лигаға көтерілуге мүмкіндік алады. Ал соңғы орын алған командалар өз орнын сақтап қалу үшін плей-офф кезеңінде сынға түседі.


2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының себеттері

A лигасы

1-себет: Португалия, Испания, Франция, Германия
2-себет: Италия, Нидерланд, Дания, Хорватия
3-себет: Сербия, Бельгия, Англия, Норвегия
4-себет: Уэльс, Чехия, Грекия, Түркия

B лигасы

1-себет: Шотландия, Венгрия, Польша, Израиль
2-себет: Швейцария, Босния және Герцеговина, Аустрия, Украина
3-себет: Словения, Грузия, Ирландия, Румыния
4-себет: Швеция, Солтүстік Македония, Солтүстік Ирландия, Косово

C лигасы

1-себет: Исландия, Албания, Черногория, Қазақстан
2-себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения
3-себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония
4-себет: Латвия немесе Гибралтар, Люксембург немесе Мальта, Молдова, Сан-Марино

D лигасы

1-себет: Әзербайжан, Литва, Гибралтар немесе Латвия, Мальта немесе Люксембург
2-себет: Лихтенштейн, Андорра

Басқа жаңалықтар

Back to top button