ҚЫСҚЫ СПОРТ

Шорт-трек: қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиадада 500 метр қашықтықта өнер көрсетті

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында шорт-тректен жарыстар басталды.

Төртжылдықтың басты додасында алғаш болып әйелдер арасында 500 метр қашықтықтағы сайыс өтті. Бұл қашықтықта Қазақстан құрамасының атынан Яна Хан мен Ольга Тихонова бақ сынады.

Ольга Тихонова іріктеу кезеңіндегі алғашқы жарысында төртінші болып мәреге жетіп, ширек финалға өте алмады. Ереже бойынша бұл кезеңге әр жарыстан алғашқы екі спортшы, сондай-ақ үшінші орын иегерлері арасынан ең үздік уақыт көрсеткен төрт шорт-трекші жолдама алады.

Ал Яна Хан жарыс барысында құлап, төртінші орынмен шектелді. Осылайша ол да 500 метр қашықтықтағы жарысты іріктеу кезеңінде аяқтады.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button