ҚЫСҚЫ СПОРТ
Шаңғымен тұғырдан секіру: қазақстандықтар 2026 жылғы Олимпиаданың финалына шыға алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы жарыстар басталды.
9 ақпанда қалыпты тұғырдан секіру бойынша іріктеу кезеңі өтті. Ереже бойынша финалға үздік 30 спортшы жолдама алуы тиіс еді. Алайда Қазақстан құрамасының өкілдері бұл межеден өте алмады.
Данил Васильев іріктеуде 34-орынға тұрақтаса, Илья Мизерных 39-нәтижемен жарысты аяқтады. Осылайша, қазақстандық спортшылар финалға жолдама ала алмады.
Іріктеу кезеңінің аралық көшбасшысы Германия спортшысы Филипп Раймунд болды.
Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі



