ҚЫСҚЫ СПОРТ

Шаңғы жарысы: қазақстандықтар 2026 жылғы Олимпиадада спринтте сынға түсті

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында шаңғы жарысынан спринт бағдарламасы бойынша жарыстар өтті.

Іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан төрт спортшы қатысты. Жарыс жолына Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко шықты.

Ереже бойынша келесі кезеңге іріктеу нәтижесі бойынша үздік 30 спортшы жолдама алатын еді. Алайда қазақстандық шаңғышылар бұл межеден өте алмады.

Нәтижесінде Дарья Ряжко 55-орынға, Анна Мельник 58-орынға, Надежда Степашкина 63-орынға, ал Ксения Шалыгина 72-орынға тұрақтады.

Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені Швеция спортшысы Линн Сван көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button