ҚЫСҚЫ СПОРТ

Қазақстандық конькимен жүгірушілер 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында конькимен жүгіру жарыстары жалғасуда.

9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықтағы жарыста медальдар сарапқа салынды. Аталған сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты.

Қазақстандық спортшылар арасындағы ең үздік нәтижені Надежда Морозова көрсетті. Ол 1:16.00 уақыт нәтижесімен мәреге жетіп, жалпы есепте 14-орынға тұрақтады.

Елизавета Голубева 1:16.40 уақыт көрсеткішімен 19-орынға ие болса, Кристина Силаева 1:17.57 нәтижесімен 28-орыннан көрінді.

Алтын медальды нидерландтық Ютта Лердам жеңіп алып, 1:12.31 нәтижесімен Олимпиада рекордын жаңартты. Күміс жүлде тағы бір Нидерланд өкілі **Фемке Кок**ке бұйырды — 1:12.59. Қола медальды жапониялық Михо Такаги иеленді — 1:13.95.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button